«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі волонтерлік қызметті дамыту бойынша мемлекеттік қызметшілерге арнап оқыту семинарын өткізді. Іс-шара барысында аймақтардағы волонтерлік саладағы бар проблемалар мен қажеттіліктер талқыланды. Сонымен қатар 2024-2027 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың жол картасына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.
«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада жиындар басталғанын атап өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – волонтерлік қызметтегі мемлекеттік қолдау стандартын республика бойынша енгізу.
ТАТЬЯНА МИРОНЮК, «ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
– Бізде волонтерлік қызмет туралы заң бар, оған 2022 жылы түзетулер енгіздік. Сонықтан заңды толыққанды түсіну де өте маңызды. Бізде қайтадан әзірленіп, қайта енгізілген көптеген мотивациялық компоненттер бар. Бұл жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік қызметшілерге өз жұмыстарына басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Осыған дейін семинар Алматы, Талдықорған және Павлодар қалаларында өткен. Петропавл қаласы қалыс қалмады. Кездесу соңында қатысушылар волонтерлік саланың табысты дамуы үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет деген қорытындыға келді.
ЕЛЕНА АМРЕЕВА, САРАПШЫ:
- 2020 жылдан бастап, пандемиядан кейін Қазақстандағы волонтерлар туралы жұртшылық біле бастады. Бұған мемлекеттік қызметшілер де қызығушылық танытқанын және волонтерлік олар үшін жай сала емес екенін тілге тиек еткім келеді. Сондықтан қазір бұл семинар мемлекеттік қызметкерлер үшін өте маңызды екені анық.
Семинар аясында волонтерлік қозғалыстың 2027 жылға дейінгі мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын жаңа Жол картасы қабылданатыны қозғалды. Бұл ауқымды жиын осы жылдың желтоқсан айында өтеді деп жоспарлануда.