«Алуа» халық би ансамблі Санкт-Петербургте өткен «Салют талантов» халықаралық байқауының жүлдегері атанды.Солтүстікқазақстандықтар қазылар алқасының назарына 4 би ұсынып, кіл мықтылар арасынан үшінші орынды жеңіп алған.Айта кетейік, ансамбль шәкірттері екінші жыл Artsport бағдарламасы бойынша білім алуда.


Санкт-Петрбургтегі байқау шілде айында өткен. «Алуа» би ансамбльі Ресейліктердің назарына «Бүркітші», «Қыпшақтар туралы аңыз», «Түрік биі», «Қазақ кәдесі» билерін ұсынған. Өз өнерлерімен және ерекше тігілген костюмдерімен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.Әрбір байқауға біз үлкен жауапкершілікпен қарап, ерекше дайындаламыз дейді ансамбль мүшелері.


 АИДА АҚАН, «АЛУА» БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

- Маған биге барған, басқа қалаларды аралаған ұнайды. Санкт-Петербургке болып, өз өнерімізді көрсеттік. Өте қуаныштымыз.


Бүгінде «Алуа» би ансамбльінің жетекшісі Жанна Темірбаева Artsport бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Бұл бағдарлама елімізде 2021 жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылған болатын.Осының арқасында 4 пен 17 жас аралығындағы балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысуға мүмкіндік алды.


ЖАННА ТЕМІРБАЕВА,  «АЛУА» АРТ- СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

-  Біздің ансамбльге жақын жерде тұратын балалар ғана келеді. Ал алыста тұратын балаларды ата-аналары оқушылар сарайына немесе одан да алыс жерлерге алып баруы керек. Бұрын әрбір мектеп немесе зауыттарда үйірмелер көп болатын. Ал қазыр олай емес. Осы мәселе мені қынжылтады. Барлық баланың бойында таланты бар. Оны тек аша білу керек.


 Ансамбль ұжымы бұл жеңіспен тоқтап қалаймыз дейді. Өз таланттарын бүкіл ел, тіпті шет ел көелімне дәлелдесек деген ниеттері бар.