Солтүстік Қазақстан облысында статистика мамандары екінші тоқсандағы халықтың ай сайынғы шығынын есептеді. Бір жыл ішінде шығындар айтарлықтай өскен. Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, бір адамға ай сайынғы кассалық шығыстар орташа есеппен 104,3 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға жоғары.


 Тұтыну шығындары осы соманың 90% құрайды. Отбасылық бюджеттің ең қымбат бабы азық-түлік тауарларының құны болып қала береді. Яғни, 46%-дан астамын құрайды. Азық-түлік емес тауарларды сатып алуға жұмсалған шығындар шамамен 29%, ал қызметтерге төленетін ақша құны жалпы көрсеткіштің 15% құрайды. Ақылы қызмет көрсетуге жұмсалған шығыстардың 30%-ы көлік және байланыс қызметтерін төлеуге, дәл осындай сома тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, тұрғын үйді күтіп-ұстауға және жөндеуге жұмсалады екен. 10%-ға жуығы денсаулық сақтау саласына бөлінеді. Ақылы қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың аз ғана бөлігін, бар болғаны 6% мәдени-көпшілік іс-шараларға және бос уақытты өткізуге жұмсалатын шығындар алады .