Петропавл тұрғыны ұзақ уақыт бойы жетім баланың пәтерін заңсыз жалға беріп келген. Бұл туралы облыс прокурорлары балалар үйіне тексеріс жүргізу барысында анықтады.


 Петропавл қаласының әкімдігімен бекітілген қамқоршы өзінің құқықтарын асыра пайдаланып, баланы балалар үйіне қайтарып, қамқоршылықты қысқартқаннан кейін де өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастыра берген. 13 жастағы балаға бұл жылжымайтын мүлік анасынан мұра болып қалған екен. Қазіргі уақытта кішкентай бала М.Жұмабаев ауданындағы Полудино балалар үйінде. Өңір прокурорлары тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Енді ол өзінің заңсыз әрекеттері үшін 2 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


АЛМАС АСАИНОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

-  Қыркүйектің 12-сі күні прокуратура органдарының қадағалауы арқылы қылмыстық кодекстің 142 бабы бойынша қамқоршы немесе қамқоршы құқықтарын теріс пайдалану фактісі бойынша сотта тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта бағытталған іс бойынша шығынды анықтау шеңберінде сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде. Облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.