Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл сайынғы «World Cleanup Day 2023» экологиялық акциясына қатысты.


 16 қыркүйек күні таңертең облыстық және қалалық полиция аппаратының, учаскелік полиция пункттерінің, қалалық және аудандық полиция бөліністерінің қызметкерлері бекітілген аумақтарын тазалауға шықты. Облыс орталығында елуден астам тәртіп сақшылары басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірге Заводская, Кеншінбаев, Астана көшелерін тазалауға аттанды. Полицейлер бір-екі сағат ішінде белгіленген аумақты түскен жапырақ мен қоқыстан тазартты. Таза ауада өткен сенбілікке кезекшілікке жұмылдырылмаған 1500 астам қызметкерлер мен басшылар қатысты. 20 бірлік техника пайдаланылды. СҚО ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция майоры Асхат Жомартов айтып өткендей, сенбілік әр ұжымдағы қызметкерлердің басын қосады. Тұрып жатқан, еңбек етіп жатқан елді мекенді тазалықта ұстау әр адамның мндеті. Полиция қызметкерлері жалпы облыстық және қалалық сенбіліктерге жиі қатысып тұрады. Сондай-ақ ай сайын әкімшілік ғимараттардың маңындағы аумақтарды тазалап отырады.