Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тұрғындар үшін ашық есік күнін өткізді. Оған 200-ден астам адам қатысып, полицияның автопаркімен, қару-жарақпен және арнайы техникамен танысты.
Солтүстікқазақстандық полицейлер ашық есік күнін жиі өткізеді. Бұл жолы тәртіп сақшылары колледж студентері мен мектеп оқушылары үшін қызметте қолданатын техникаларын көрсетті.
Шамсиддин Уалихан, кәсіптік-педагогикалық колледждің 2 курс студенті:
- Бүгінгі іс-шарада Солтүстік Қазақстанның полициясы не қызмет атқаратынын, қандай қылмыстарды ашқанын, қандай жұмыстар атқаратынын білдік. Полициядағы көліктердің ішіне мініп, өз көзімізбен жақыннан көрдік
Іс-шараға келген петропавлдықтар әр қызметтің өкілдеріне сұрақтарын қоя алды. Мәселен, жастарды полицияға қызметке орналасу қызықтырды. Олардың сұрақтарына СҚО ПД кадр саясаты басқармасының қызметкерлері жауап берді.
Абылғазы Ғабдуллин, СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы:
- Біздің мақсатымыз – келген адамдарға полиция қандай жағдайда жұмыс істейтінін, қызмет атқаратынын қандай техника барын көрсету Бұл шараның нәтижесі – жас мамандарды жұмысқа тарту, студенттерді оқу бітіргеннен кейін жұмысқа қабылдау, әскерден келген азаматтарға жұмыс беру
Көрмеге келушілер ведомстволық музейде өңірдің ішкі істер органдарының тарихымен, жедел басқару орталығының қауырт жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Ашық есік күнінде барлығы 200-ге жуық адам болды. Олардың басым бөлігі жасөспірімдер. Ұлдар мен қыздар жақын арада болашақ мамандықтарын таңдайтын болады. Полицейлер қызметке орналасуға ниет білдіргендердің барлығын Алматинская көшесі, 55 мекенжайындағы кадр саясаты басқармасына келуге шақырады. Басқарма қызметкерлері жұмысқа орналасуға, ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.