Петропавлдағы облыстық көпбейінді аурухананың жанындағы жол жамылғысының сапасыз болуы, емделушілер мен медициналық мекеме қызметкерлері үшін ұзақ уақыт бойы қолайсыздық туғызып келді. Жол төсеміндегі шұңқырлар жедел жәрдем көліктерінің қозғалысына кедергі келтірді. "Нұрбанк" филиалы бұл түйіткілді мәселенің шешімін тапты.


 Облыстық көпбейінді аурухана еліміздегі ең көне медициналық ұйымдардың бірі. Бүгінде мұнда 29 бейінді бөлімше бар. Соңғы кезде мекеме қызметкерлері мен пациенттерін алаңдатып отырған басты мәселенің бірі, аурухана айналасында сапалы жолдардың болмауы. Мұнда соңғы ішінара жөндеу жұмыстары 2017 жылы жүргізілген. Алайда, 6 жылдың ішінде кіреберіс жолдың әбден тозығы шықты. Ой-шұңқырлар емдеу мекемесіне, әсіресе жедел медициналық көмек бригадаларына қол жетімділікті едәуір қиындатты.


СӘКЕН АМРИН,   ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

-   Нұрбанк филиалы емдеу мекемесіне жол мәселесін шешуге көмектесті, біз оның басшылығынан қаржылық қолдау сұрадық. Нәтижесінде, Нұрбанк 650 шаршы метрлік жолды жөндеуге және жол жиектерін ауыстыруға қаражат бөлді. Біздің өтінішімізге аса ден қойып, көмек қолын созғаны үшін Нұрбанкке алғысымызды білдіреміз! Банктің жасаған осы игі ісі аурухана мен пациенттер үшін өте маңызды. Енді біздің мекеменің аумағындағы жол төсемінің сапасы едәуір жақсарды.


 Қазіргі таңда аурухана 5 орталықта, яғни көпсалалы, кардиологиялық, перинаталдық, онкологиялық, тері-венерологиялық бағыттарды медициналық көмек көрсетіледі. 2022 жылы мұнда 170 000-нан астам пациент медициналық көмекке жүгінген. Мекеме басшылығы көрсетілетін қызметтер тізбесінің ұлғаюын ескере отырып, келер жылы көмекке мұқтаждар саны айтарлықтай өсетінін атап өтті. Тиісінше, медициналық қызметке жүктеме артады. Соның ішінде жедел жәрдем қызметкерлеріне эктремалды жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алып, өмірлік маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді. Бұл ретте медициналық мекеменің іргелес аумағындағы жолдың жөнделуі, науқастарды ауруханаға еш қиындықсыз әрі қысқа уақыттың ішінде жеткізуге мүмкіндік береді.


АБЗАЛ СЕЙФУЛЛИН, "НҰРБАНК"АҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-   Қайырымдылық - Нұрбанктің корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі. Біз демеушілік көрсеткен кезде әлеуметтік жауапкершілік, ашықтық және әділеттілік қағидаттарын басшылыққа аламыз. Сондықтан аурухананың жолды жөндеуге көмек көрсету туралы өтінішін біз жерге қалдырмай, барынша қолдау білдірдік. Біздің банк өзінің қайырымдылық қызметі аясында 650 шаршы метрлік жолды жөндеу және жиектастарды ауыстыру жұмыстарын өз есебінен қаржыландырды. Ескі жол жамылғысы мүлдем жарамсыз болып қалған екен. Емделушілерге әсіресе, жаңбырлы күні ауруханаға жету қиынға соқты. Енді облыстық көпбейінді аурухананың ем алушылары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарады деп үміттенеміз.


 Айта кетейік, Нұрбанктің Петропавлдағы филиалы 2005 жылы ашылған болатын. Бүгінде ол - өңірдегі шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін де, халық үшін де банктік қызметтердің барлық түрлерін көрсететін ірі қаржы мекемелерінің қатарында.