Жақында Президенттік жастар кадрлық резервіне үшінші рет іріктеу басталады. 6 кезең бойынша өтетін іс-шара қыркүйек - желтоқсан аралығына жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінінің брифингінде айтылды.


Іріктеудің бірінші кезеңі 1-і мен 30-шы қыркүйек аралығында өтіп, құжаттар онлайн режимде pkrezerv.gov.kz. сайтында қабылданады. Екінші кезең мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауды қамтиды. Ол 1-і мен 7-ші қазан аралығында өтеді. 10-ы мен 13-ші қазан аралығында өтетін үшінші кезеңде іріктеуге қатысушылар ситуациялық тапсырмаларды шешсе, 19-ы мен 29-шы қараша аралығында құзыреттілік бағаланады. Одан әрі бесінші кезеңде кандидаттармен әңгімелесу, ал қорытынды Ұлттық комиссияның отырысында қаралады. Қорытынды бойынша 50 үздік үміткер Президенттік жастар кадрлық резервіне алынады, іріктеу осы жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспараланған.