Өңірде 7 ай ішінде алимент төлемейтін 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 5-і сотталды, олардың қарызы 9 млн теңгеден асқан. Берешегі бар 3 адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, олар 4 млн теңгеден астам борышын өтеген.
Өзінің ата-аналық міндеттінен жалтарғаны үшін 139-бап бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Облыста 7519 борышкер бар, олардың қарызының жалпы сомасы 166 млн теңге. Қазіргі уақытта 6 ай қатарынан жалпы сомасы шамамен 16 млн теңгеге алимент төлемейтін 13 борышкерге қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
РУСТАМ САДЕНОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
- « СҚО кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі ауданаралық сотТТың үкімімен 10 ай ішінде ұзақ уақыт бойы 1,5 млн ТЕңге көлемінде алимент төлемеген ТҰРҒЫННЫҢ, қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 2 жылға бас бостандығы шектелді.»