Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Конституция – жарқын болашақтың негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс -шара Ата Заңның 30 жылдық мерейтойына арналды.
1995 жылдың 30 тамызы - қазақстандықтар үшін тарихи күн. Осыдан тура 30 жыл бұрын жалпыұлттық референдумда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды. Бүгінде Конституция заңдылық пен демократияның кепілі.
СНХ:АНАР МАМАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
Конституцияның азаматтардың құқықтарымен қатар, міндеттері де айқын көрсетілген. Солардың бірі Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау. Биыл Президенттің тапсырмасымен Конституцияның 30 жылдығына орай «Амнистия туралы» заң қабылданды. Бұл құжат аясында заңды бұзған 15 мыңнан астам азаматтың жазасы жеңілдетілді. Олардың бір бөлігі мерзімінен бұрын босатылды. Конституциялық нормалардың сот жүйесіндегі маңызы туралы Петропавл қалалық №2 сотының судьясы дөңгелек үстелде айтты.
СНХ:АНАР МАМАНОВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
Дөңгелек үстел басына Петропавл қаласының қоғам белсенділері мен құқықтанушылары жиналды. Шақырылғандар қатарында ардагерлер кеңесінің мүшелері, сот қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен өңірдің белсенді азаматтары болды. Қонақтар үшін арнайы пікір алмасуға арналған алаң ұйымдастырылып, қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті.
СНХ:БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жиынға қатысушылар сонымен қатар арнайы ұйымдстырылған көрмеде еліміздің негізгі заңы мен Қазақстанның құқықтық жүйесіне арналған басылымдармен танысу мүмкіндігіне ие болды.