Мектептердегі жөндеу жұмыстары мен оқушыларды тегін тамақтандыру, білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығы мен өңірдегі спорт саласын дамыту. Осы және басқа да мәселелер облыстық әкімдікте талқыланды. Өңір мектептеріндегі жағдай қандай? Жаңа оқу жылына дейін жөндеу жұмыстары аяқталады ма? Арна тілшілері баяндасын.


Жазғы демалыс білім нысандарын қайта қалпына келтіретін уақыт. Биыл өңірде шамамен 50 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Бұл мақсатқа бюджетен 4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Алайда, белгілі себептерге байланысты кейбір оқу ордаларындағы жөндеу жұмыстары қыркүейек айына дейін аяқталмайтын көрінеді.


НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Бірнеше мектепте жаңа оқу жылы басталғанша жөндеу жұмыстары аяқталмайды деген қауіп бар. Айыртау ауданының Новосветловская мектебінде қайта қалпына келтіру жұмыстары тек 15 пайызға, Тайынша ауданындағы Донецкое мектебінде жұмыс тек 10 пайызға аяқталған. Жөндеу кестеге сай жүргізілмей жатыр.Себебі, құрылыс материалдары жетпейді және жұмысшы саны да аз. Ғ.Мүсірепов ауданындағы Ломоносов мектебінде де жөндеу жұмыстарының тек 40 пайызы істелген. Бұл білім ордасы да жаңа оқу жылына үлгермейді. Тағы 15 мектепте осындай қиындық бар.


 Аймақ басшысы барлық жауапты мамандарға бұл жұмыстарды тамыз айының 25не дейін аяқтауды тапсырды. Жыл сайын өңірде білім саласын дамытуға едәуір қаражат бөлінеді. 2023 жылы бұл мақсатқа 138 млрд теңге ақша бөлінді. Бұл жалпы облысты қаржыландырудың 30 пайызын құрайды.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Кемшілікті жою үшін үлкен жұмыс жасау керек. Соған бүгіннен бастап кірісіңіздер. Қндай мектептер дайын емес. Уақыт аз қалды. Санаулы уақыт бір-ақ ай. Бір айдың ішінде бүкіл жұмыстарды бітіріп тастау керек. 0059. 1ші қыркүейкте мектеп дайын болуы керек. Бүкіл әкімдерге осыны айтып жатырмын.


ОБЛЫСТАҒЫ СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУ


Күн тәртібіндегі екінші мәселе – өңірдегі спорт саласын дамыту. Соңғы 5 жылда бұл саланы қаржыландыру көлемі 6 миллиард теңгеге артты. Биыл спорт саласына бюджетен шамамен 11 миллиард теңге бөлінді. Бұл жаттықтырушылар мен мұғалімдердің жалақысын көтеруге, аудандарда заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын бастауға, облыс тұрғындарының қатысуымен түрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысының 42 пайыз халқы саламатты өмір салтын ұстанады. Соңғы жылдары өңірде балалар спортын дамытуға да ерекше көңіл бөлініп келеді.


СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Өңірде 5-17 жас аралығындағы 90 мың бала бар. Олардың 46 мыңы тегін спорт үйірмелерімен қамтамасыз етілген. Және мемлекеттік спорттық тапсырысқа байланысты ақылы үйірмеге баратын балаларды тегінге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 3мыңға жуық бала спорттың 15 түрі бойынша тегін үйірмемен қамтамасыз етіледі. Және Саумалкөл, Явленка, Пресновка мен Новоишимда спорттық-сауықтыру кешенін салу жұмыстары да қарқын алды.


 Аймақ басшысының айтуынша, облыста спорт саласы қаржыландырылып жатыр, қолдау да бар.Бірақ, өңірдегі спортты дамыту жұмыстары көңіл көншітпейді. Айдарбек Сапаров спорттық инфрақұрылымды дамытып, тұрғындарға қолжетімді етуді тапсырды.


АЙДАРБЕК САПАРОВ,СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына және Петропавл мен аудан әкімдеріне барлық спорт нысандарына монтиторинг жүргізіп, жағдайын жақсартуды тапсырамын.1 қазанға дейін уақыт беремін. Және жыл соңына дейін спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілуі керек.


Облыстық білім басқармасы аймақ басшысының тапсырмасын жаңа оқу жылына дейін орындауы тиіс. Ал дене шынықтыру және спорт басқармасы болса солтүстікқазақстандық спортшылардың алда болатын Азия ойындары мен олимпиадаға дайындығын басты назарға алуы керек.