«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Halyk Bank-пен бірлесіп жаңа жобаны жүзеге асырды. Енді қосымшада халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондап және QR арқылы цифрлық талон алуға болады.
Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталығына еліміздің 6 миллионға жуық азаматы жүгінген. Олардың 10%-ы алдын-ала брондау жүйесін қолданған. Еске сала кетейік, сервисті 1414 нөміріне қоңырау шалу, телеграм-бот, «Мобильді халыққа қызмет көрсету», «eGov mobile» қосымшалары және электрондық үкімет порталы арқылы пайдалануға болады.