М.Қозыбаев университетінде Қытай елінің Янлин қаласындағы Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман ғылымдары мен технологиялар университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Жоғары оқу орындарының профессорлары мен студенттері ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Жиын барысында Солтүстік Қазақстан университетінің базасында агроқұзыреттілік орталығын ашу туралы келісімге келді.
Осы жылдың маусым айында М.Қозыбаев университетінің өкілдері Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы ғылымы мен технологиясы университетіне барды. Іс-сапар барысында университет өкілдеріне Қытай оқу орнының метариалды-техникалық базасы таныстырылып, ынтымақтасуға алғашқы қадам жасалды.
ЮФЭН ЦЗОУ, СОЛТҮСТІК-БАТЫС АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ УНИВЕРСИТЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- М.Қозыбаев университеті мен Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары университеті ұзақ жылдар бойы тығыз ынтымақтастықта. Біз бірнеше рет тәжірибе алмасып, жаңа жобалар жасадық. Біріккен агротехнопарктің іске қосылуы біздің бірлесіп жасаған басты жетістігіміз деуге болады.
Ынтымақтастық аясында студенттер арасында өзара алмасу жүйесі дамытылмақ. Сонымен қатар, қос диплом бағдарламасында ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, М.Қозыбаев университетінің магистранттарына ақылы кәсіптік тәжірибе мен ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылмақ.
ЧЖАО ЦЗЯНЬХУ, МАГИСТРАНТ:
- Ең алдымен екі оқу орнының оқытушыларына білім алып, біліктілігімізді жетілдіруге мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтқым келеді. Біз агротехнопарк базасында да жұмыс істеп, көп тәжірибе жинақтадық.
Кездесу барысында Қытай ЖОО оқытушылары М.Қозыбаев университетінің, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен өңір мамандарына шеберлік сағатын ұйымдастырды.