Осыдан бір апта бұрын Қостанай және Ақтөбе облыстарында шегірткенің қаптағаны туралы ақпарат тараған болатын. Іргелес өңірлерден келуі мүмкін қауіптің алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары қазіргі таңда шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын күшейткен. Әріптесімнің сюжетіне зер салайық.
Шегірткеге қарсы күрес жұмыстары Ғ.Мүсірепов ауданында қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бүгінде аталған ауданда 61 мың гектарға жуық жер дезинфекцияланған. Әсіресе, бұл шаруалар «Береке агро» серіктестігінде қызған.
БАЙКЕНЖЕ ҚҰРМАНОВ, «БЕРЕКЕ АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- « Біз Қостанай және Ақмола облыстарының шаруаларымен тығын байланыстамыз. Бүгінде бізге облыс әкімдігі мен аумақтық және фитосанитарлық инспекциялар көмек көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда егіс алқаптарында жәндіктер байқалмайды.
Александр Балякиннің «Береке агро» серіктестігінде еңбек етіп келе жатқанына 21 жыл. Оның айтуына қарағанда, улау жұмыстарына кейде жаңбыр мен жел кедергі келтіреді. Бүгінде шаруаны атқаруға 3 техника мен 10 адам жұмылдырылған.
АЛЕКСАНДР БАЛЯКИН, «БЕРЕКЕ АГРО» ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ:
- «Жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бір күннің ішінде біраз аумақты дезинфекциялап шығамыз. Техникамыз жаңа, шаруаны тез әрі сапалы атқаруға мүмкіндік береді.
Аумақтық инспекция мамандарының айтуынша облыс бойынша ахуал тұрақты. Витосанитарлық тексеріс кезінде өңірде табын шегірткелер анықталған жоқ. Барлық техника мен препараттар қоры жетерлік. Жәндіктерге қарсы күрес жұмыстары жаз айының басынаан жүргізіліп келеді.
НҰРЛАН БҮРКІТАЛИН, ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ СҚО АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- « Ақтөбе және Қостанай облыстарында табынды шегірткелерінің таралуына байланысты біздің облыста оның алдын алу үшін арнайы штаб жұмыс істеді.Өңір шаруалары зиянкестерге қарсы жұмыстар жүргізуде. »
Жалпы, өңірде бір жарым мыңға жуық бүрку техникасы бар. 734 мың гектар егіс алқабына арналған препараттар қоры да жетерлік.