Облыстың 40 дарынды баласы «Iqanat» олимпиадасын жүлделі оралды. Еліміздің 166 ауданынын қатысқан 37 мың баланың арасынан бұл олимпиадаға тек 800-ден астам 8-ші сынып оқушылары іріктеліп алынған болатын. Дарынды балалар 18-22 маусым аралығында Астана қаласында өз білімдерін дәлелдеді. Үздік оқушыларды бүгін темір-жол вокзалынан туған-туыстары қошеметпен қарсы алды.


 «IQanat» олимпиадасы еліміздегі ауыл оқушыларына арналған ең ауқымды білім сайысы. Соңғы 5 жылда 160 мыңнан астам ауыл мектебінің оқушылары сапалы білім алуға мүмкіндік алған. Республикалық слёт аясында соңғы іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 120 жеңімпаз IQanat High School of Burabay мектебіне тегін оқуға шақыру алады. Биыл өңірімізден бұл сайысқа 240 оқушы қатысып, 40 бала ақтық кезеңге өтті.


 АЙСҰЛУ ЕСЕНЕЕВА, СҚО БОЙЫНША "IQANAT" ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

- «"IQanat" олимпиадасы 3 кезеңнен тұрды. Ақтық сайыс Астана қаласында өтті. Біздің өңірдің оқушылары аталған додаға мықтап әзірленді. Нәтижесінде 40 оқушы финалда химия, биология, математика және тағы басқа пәндерден өз білімдерін сынады.


 Аталған олимпиадаға Қызылжар ауданынан Диана Сағындықова қатысты. Ол өз білімін математика пәнінен сынап, сайыстың қорытындысы бойынша үздік атанып, "IQanat" мектебінің грантын жеңіп алды.


ДИАНА САҒЫНДЫҚОВА, ОҚУШЫ:

- «Ол жерде берілген тапсырмалар өте қиын болды. Бірақ соған қарамастан мен жеңіске жеттім.Грант алған Жалпы мен математика пәнін қатты жақсы көремін, болашақ мамандығымды да осы математика саласында елестетемін. »


 Айта кеткен жөн, "IQanat" мектебінің грантын өңіріміздің 4 оқушысы жеңіп алды.