Осыдан 82 жыл бұрын 1941 жылдың 22 маусым күні шамамен таңғы сағат 4 кезінде фашистік Герман әскері КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді.Осылайша тарихта 2 дүниежүзілік соғыс, яғни Ұлы Отан соғысы басталды. Осыған орай Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, қанды майданда қаза тапқан батырларды еске алды.


1941 жылдың 22 маусымының таңында Германия әскері соғыс ашпаймыз деген келісімді бұзып, Кеңес Одағына қарсы соғыс қимылдарын бастады. Сұрапыл майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, оның тең жартысы елге оралмады. Ескерткіш маңына жиылған жұртшылық сол соғыста мерт болған батырларды 1 минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.


ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Біз бүгін еске алу күнін өткізіп отырмыз.Қалалық ардагерлер кеңесі басқада қоғамдық ұйымдар біздің мәңгілік алауға келіп гүл шоқтарын қойдық еске түсірдік.Ұлы Отан соғысында қайыс болған шейіт болған ата бабаларымыздың рухы мәңгілік болсын. »


Екінші Дүниежүзлік соғыс 27 млн астам адамның өмірін қиды. Майданға аттанған 46 мыңнан астам жерлесіміз үйге оралған жоқ. Сұрапыл соғыстың куәгері болғандардың арасында қоршаудағы Ленинград тұрғыны Ирина Седельникова да бар. Соғыс басталған жылы оның жасы небәрі 5-те еді. Бүгін қария соғыста қаза болғандарды еске алу үшін арнайы келіпті.


 ИРИНА СИДЕЛЬНИКОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- «Соғыс басталған күні отбасымызбен көрші үйге қонаққа келген болатынбыз. Бір сәтте барлығы радиоға құлақ түрді.Онда неміс әскері КСРО әскеріне соғыс ашқандығы жайында айтылды.Ол кезде ата-аналарым жас еді.Әкем бірден шақыру куәлігін алып майдан даласына аттанды.Сол күннен бастап әкемді көрмедім.Мен мұндай іс-шаралардың жыл сайын өтетініне қатты қуаныштымын ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.Біз бақытты жандармыз осындай бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз.»


Соғыс жылдары солтүстікқазақстандықтар Мәскеу, Сталинград, шайқастарына қатысып жанкештілік танытты. 56 жерлесіміз жаумен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.