Оқыс оқиғалардың алдын алу және демалушыларды ескерту мақсатында Пестрое көлінде рейд жүргізілді. Оған төтенше жағдайлар департаментінің қызметкелері қатысты.


Суға түсу маусымы басталды.Бүгінде жағажайларға рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, демалушыларға арнайы ережелер түсіндірілді.Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мәліметінше қала бойынша тек екі су айдынында шомылуға рұқсат етілген. Ол Пестрое көлі мен қалалық жағажай.


РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:

- «Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт жоғарлауына байланысты төтенше жағдайлар қызметкерлері қауіпсіздік жағдайларына төтеп беруге жоғары дайындықпен жұмыс жасады.Жылдың басынан бастап, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция қызметкелері және де еріктілермен бірлесе отырып 3000 мыңнан астам рейдтік іс шара жүргіздік. Қала бойынша екі су айдынына рұқсат етілген, ол Пестрое көлімен қалалық жағажай.»