Шал ақын ауданында орналасқан шағын ғана Ақсу ауылы көркейіп келеді. Елді мекен тұрғындары өз қалтасынан қаражат шығарып, айтуларынша, мектепті жөндеген, мешіт пен 4 ескерткіш салған. Оған қоса жолдың кіреберісіне ауылдың аты жазылған белгі орнатқан.


Ақсу- Новопокров ауылдық округі құрамындағы ауыл. Елді мекенде қазіргі таңда 45 шаңырақ бар . Осы ауылдан шыққан тұрғындар да туған жерлерін ұмытпай, елді мекеннің көркеюіне үлес қосып жатыр. Сол үшін тіпті «Ақсу» қорын құрған екен. Ауылда мәдениет үйі бар, бірақ оны күрделі жөндеу қажет. Бұдан басқа жолдың сапасы нашар.


ӘШІМ ЖЫЛҚАЙДАРОВ, АҚСУ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ:

- «Енді, ол қордың жаңағы айтқан іс-шаралар бар еді ғой, солардың бәрін ұйымдастырғанда, оған енді бірінші себеп болған Ақсудың 90-жылдығын өткіздік. 1928 жылы құрылған , 90-жылдығын 2018 жылы тойладық. Сонда енді қарап отырсақ бір іс-шара өткізу үшін жылу жинайтындай боп көрінді. Яғни, өзіміздің қарапайым тілмен айтқанда алақан жайып, анаған беріңдерші, мынаған беріңдерші деп әр біреуінен үйді-үйге кірудің өзі қазіргі заманда қиын ғой қайыр сұрап отырған сияқты.Сосын ойыма түстіде былтыр күзді күні , «Ақсу» қорын ашайық дедім.»