1 маусым - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ балаларды қорғау күніне орай Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс орталығында балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Балақайлар ойын арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін қайталап, арнайы техниканы, мамандардың құрал-жабдықтарын тамашалай алды.


Балаларға ең алдымен жауынгерлік есепте тұрған өрт сөндіру техникасы мен авариялық құтқару құралдары көрсетілді.Көрсетілім барысында өрт сөндіруші-құтқарушылар бүлдіршіндерге өздерінің жұмыстары туралы айтып берді.Өткізіліп отырған іс-шараның басты мақсаты - балаларды алдағы демалыс уақытында өрт және де су айдындарындағы қауіпсіздік жайында хабардар ету.


РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ ,СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:


Бәрнен бұрын балаларды өрт кезінде автокөліктердің және өрт сөндірушілердің немен жабдықталғандары қызықтырды.Бүлдіршіндер әр техниканың ішіне кіріп өзін бір сәтке болсын өрт сөндіруші ретінде сезінуге мүмкіндік алды.Жалпы алаңға жауынгерлік есепте тұрған 7 техникамен,20-ға тарта маман жұмылдырылды.


- «Көрсетілім маған қатты ұнады.Мені бұрынан өрт сөндірушілердің қызметі қызықтыратын.Бүгін міне келіп барлығын өз көзіммен көрдім. »

- «Мерекеге орай осындай іс-шараны ұйымдастырып отырғандарына алғысым шексіз.Көрмеде ұсынылған барлық техника ерекше әрі қызықты.Барлық баланы мейраммен құттықтаймын.»

- «Өрт сөндірушілердің техникалары қатты қызықтырады.Мына техниканы алатын болсак,есіктері өте үлкен ішінде адамдарға арналған бірнеше орын да бар екен.»


Айта кеткен жөн, бұл күні балаларға арналған ауқымды мерекелік бағдарлама өтті. "Петропавл БалаFest" балалар фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шарада барысында "Балғын балаларымыз-біздің болашағымыз!"- мерекелік концерттік бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ балалар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсіп үздіктерді анықтады. «Динамо» стадионында «Бір аспан – бір әлем» атты ұшу аппараттарының облыстық байқауы өтсе.

Тұңғыш Президент саябағында жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир, бард әндерінің фестивалі, спорттық эстафеталар ұйымдастырылды.