Биыл соңғы қоңырау мерекесі Халықаралық балаларды қорғау күніне тұспа-тұс келді. Бүгін солтүстікқазақстандық 3 345 түлек үшін мектепте соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты жиын № 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде де өтті. Биыл мұнда 46 оқушы алтын ұямен қоштасты.


 № 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде 1299 бала оқиды. Соның 46-ы үшін бүгін соңғы қоңырау соғылды. Түлектердің біреуі «Алтын белгіге» және тағы 2-і «Ерекше үлгідегі аттестаттқа» үміткер.


ӘЙГЕРІМ УӘЛИЕВА, № 8-ШІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Әрбір мектеп бітіруші түлектің өмірінде сәттілік тілейміз, осы балаларға алдарына қойған мақсаттырына жетсін дегім келеді.


 Диляра Мұстапина ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлердің бірі. Бойжеткен болашақ өмірін халықаралық қатынас, дипломатиямен байланыстырып ел игілігі үшін еңбек етуді қалайды. Ол үшін отандық не шетелдік үздік ЖОО-да білім алуды жоспарлап отыр.


ДИЛЯРА МҰСТАПИНА, МЕКТЕП БІТІРУШІ:

-  Таңдау пәндерім ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы. Халықаралық қатынас факультетіне барамын деп жоспарлап отырмын. 1,20 Мысалы Астанадағы ЕНУ немесе КазГю болмаса шетелге кетемін деп ойлап отырмын. 2,05 Мұғалімдерге алғыс айтқым келеді. Осы 11 жыл бойы бізді күтіп, оқытты. Қоштасқым келемйді.


 Жалпы, биыл облыс бойынша 3 345 оқушы мектеп бітіреді. Соның 109-ы «Алтын белгіге» және 200-і «Ерекше үлгідегі аттестаттқа» үміткер.


Майгүл Сейілбек