Бала –еліміздің ертеңі. Ал ұрпақ тәрбиесі – тал бесіктен басталады. Оған «Балдәурен» балабақшасының білімді балалары дәлел. Мекемеде тәрбиеленіп жатқан балақайлар жақында өткен Республикалық «ROBOBALAPAN - 2023» байқауында 2 орынды иеленді.


«ROBOBALAPAN» фестивалінің негізгі мақсаты балалар арасында робототехникаға деген қызығушылықты арттырып, жаңа технологияларға бейімділігін жетілдіру. Балдәурендік Жәсмин Оразбай мен Ақжан Сүлейман да өз бақтарын сынап, фестивалге қатысқан. Оларға роботтарды құрастыруға ата-аналары мен ұстаздары көмектескен. Балақайлар біз құрастырған робот мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдетуге көмектеседі – дейді.


ЖӘСМИН ОРАЗБАЙ:

-  Робот сүйеніш. Робот модуль, үлкен 4 матордан тұрады. Төменгі 2 матордан тұрады. Олар орындықтың қозғалысына жауап береді.


АҚЖАН СҮЛЕЙМАН:

- Бұрыннан құрастырумен айналысамын. Бірнеше жобаға қатысқанмын. Ағам кәсіби бағдарламашы. Роботтың негізгі бөлшектері 2 үлкен матор. Орындықты суға түсіріп көтеру үшін керек. Әр түрлі ұзындықтағы құрастырмадан жасалған.


 Фестивалге балалардың ата-аналары да қатысқан. Ал Ақжанға ағасы қолдау көрсетіпті. Балақайлардың бұл бастамасын қашанда қолдаймыз, олар біздің болашағымыз – дейді, Қайыркелді Ақжолов.


 ҚАЙЫРКЕЛДІ АҚЖОЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

-  Әкесі негізі информатика мұғалімі. Робототехника бойынша. Осы балабақшада ашылды деген соң, робототехникаға бердік. 00:29/00:53 ақыл-ойды дамытуға көп пайдасы бар. ақылды шешім деп ойлаймыз.


Балабақшадағы робототехникада балақайлар лего-құрастырғыштарды қолданады. Ол балалардың шығармашылық және ерекше ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.


ДУМАН ЫСҚАҚОВ, РОБОТОТЕХНИКА МҰҒАЛІМІ:

-  жалпы робототехника саласында сабақ беремін 2015 жылдан бері. Балаларды үйрету қиын емес. оларға қызық. Бұл лего-наборлар болғандықтан қызығушылық жоғары. Осылай роботтарын құрастырады.  Балаларға байқауларға қатысу қызықты, өздерінің білгенен жеткізу .... жұмыс істейді. 


 Балабақшадағы робототехника мектепке дейінгі мекемелер жұмысында қалыптасқан жаңа бағыт. Бұл салаға деген қызығушылық та жыл сайын артып келеді.