Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда «Бастау бизнес» жобасы сәтті іске асырылып келеді. Биыл бағдарлама бойынша 57 адам курстан өтіп сертификат алған. Бүгінде өз ісін өрге домалатып жатқандардың қатары көбейген.Әріптесіміз кәсіп ашып, оны дамытуға арналған бағдарламаны тиімді қолданған жандармен тілдесіп қайтты.


 Диқаншиевтер әулеті "Күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасы аясында 2021 жылы Алматы облысынан Ғ.Мүсірепов ауданы Червонное ауылына көшіп келген. Отағасы Тоқтағұл Диқаншиев халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, "Бастау-Бизнес" бағдарламасына қатысқан. Курсты аяқтау жөнінде сертификат алғаннан кейін кәсіпкерге 1 225 200 теңге сомасында бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант бөлінген. Берілген қаражатқа кәсіпкер 40 қой сатып алды.


ӘЛИЯ НҰРАДИНОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  «Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы курсын оқыды одан кейін сертификатын алды.Содан кейін бизнес жоспар жасадық ол бизнес жоспарда 40 тоқты аламын деп жоспарлады.»


«Бастау бизнес» жобасын сәтті пайдаланғандардың қатарында аудан тұрғыны Дмитрий Макаров та бар. 33 жастағы кәсіпкер биыл шағын қолғап шығаратын кәсіпорынды іске қосқан.« Бизнес бастау» жобасы аясында алынған грантқа ол қолғап тоқитын 2 құрал-жабдық пен мата торлағыш машина сатып алыпты. Бүгінгі таңда шағын цехте күніне 100-150 қолғап тоқылып, тігіледі. Осылайша кәсіпкер Ғ.Мүсірепов ауданын қолғаппен қамтып отыр.


ДМИТРИЙ МАКАРОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Көптен бері қолғап шығаратын шағын цех ашқым келді.Сәтін салып жоба арқылы осы мүмкіндікке ие болдым.Қаржы қолға тигеннен кейін бірден істі бастап кеттім. Берілген қаражатқа 2 станок сатып алдым.Әрқайсысының құны 650 мың теңге тұрады. Қолғапқа қажетті мақтаны қаладан арнайы тапсырыспен алдыртамын.Тұрғындардың тарапынан қолғапқа деген сұраныс жоғары бұл әрине қуантады.»


Ғ.Мүсірепов ауданы бойынша биыл «Бастау-бизнес» жобасы аясында 57 кәсіпкер арнайы сертификатқа ие болды.