Интернет-алаяқтықтың алдын алу — учаскелік полиция инспекторларының халықпен жиындарда көтеретін тұрақты тақырыбы. Тәртіп сақшылары көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, желілік алаяқтықтың тәсілдері жайында жиналғандарды хабардар етті. Сондай-ақ көктем-жаз мезгілінде өршитін велосипед, скутер ұрлығы жайында ескертті.


Петропавлда кезекті жиынға жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері келді. № 7 учаскелік пункт қызметкерлерімен бірге олар Н.Назарбаев көшесі, 290 мекен-жайындағы тұрғындарымен кездесті. Тұрғындарға жадынамалар таратып, желілік алаяқтықтың негізгі схемалары туралы еске салды: интернеттегі хабарландырулар мен "банктен қоңыраулар" деп аталатын алдын-ала төлем талаптары туралы ақпаратты жеткізді.


Жақсылық Ысмақов, СҚО ПД Петропавл қ. полиция бөлімі бастығының орынбасары:

- Қазіргі көп үйлерде көбінесе чаттар бар, сол чаттарға біз интернеттік-алаяқтық және велосипед ұрлығы бағдарламалары сол жіберілді, адамдарға жеткіздік.


Егде жастағы тыңдаушыларға полиция подполковнигі Розбах телефон арқылы жасалатын алаяқтық туралы айтып берді. Өйткені әдетте зейнеткерлер алданады. Оларға алаяқтар ұлы немесе немересі жол-көлік оқиғасын жасады деп қоңырау соғады және бұл мәселені ақшамен "шешуге" болатынын жеткізеді. Олардың артынан ақша алып, оны алаяқтардың шотына аударып, қылмысқа еріксіз қатысатын курьер келеді.


Алаяқтар курьерді жіберді. Ол зейнеткерге келіп, зейнеткердің ақшасын алып, оны басқа банктің картасына алаяқтарға аударғанын білмейді. Тиісінше, ол қатысушы болды. Бұл ақпаратты немерелеріңізге, балаларыңызға жеткізіңіздер, олар қатысып, алаяқтық жасап қоймауы қажет


Сондай-ақ, полицейлер велосипед, скутер, арба ұрлығы туралы ескертті. Ата-аналардан полицейлер жазғы демалыс қарсаңында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы мектеп жасындағы балалармен қосымша әңгімелесуді сұрады. WhatsApp арқылы тұрғындардың чаттарында ескерту жіберу тәжірибесі де бар.


Міне, біздің тұрғындардың чаты, мен қазір ашамын. Ашылды. Міне, "Өзіңізді және жақындарыңызды интернеттегі алаяқтардан қалай қорғауға болады". Мұнда бәрі жазылған. Мен қазір бәрін чатқа жіберемін, олар бәрін оқиды.


Адамдармен тікелей байланыс — учаскелік полиция инспекторлары жұмысының негізі. Әрқашан өз учаскесінің тұрғындарымен байланыста бола отырып, учаскелік инспекторлар қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуды тиімді жүргізе алады.