Жерлес спортшылар республикалық, халықаралық ареналарда жоғары көрсетіштерге қол жеткізіп келеді. Солардың бірі - Владислав Гулевич.Солтүстістікқазақстандық спортшы кудо спорты бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Әлем чемпионатын бағындырып келген спортшымен арна тілшілері кездескен болатын. Сюжетке назар аударайық.


19 жасар Владислав Кулевич кудомен сегіз жылға жуық айналысып келеді екен. Алғаш рет бұл спорт түріне достарымен аяқ басыпты.Кудо спортына қызығушылығы оянып,қарқынды жаттығулардан қол үзбеген.Тынымсыз еңбегінің нәтижесінде әлем чемпионатында топ жарып отыр.


 ВЛАДИСЛАВ ГУЛЕВИЧ, КУДО СПОРТЫ БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

- « Республикалық додаларда өнер көрсетіп жүргендіктен облыстық спорт басқармасынан ел құрамасына кіру туралы ұсыныс келіп түсті. Мен ойланбастан ұсынысты қабыл алдым.Уақыт өте келе әлем чемпионатында өнер көрсететінім белгілі болды. Бұдан кейін бапкеріммен бірге оқу-жаттығу жиындарын бастадық.»


Жапония елінің астанасы Токиода өткен әлем чемипонатына 35 ел қатысты.Еліміздің намысын қорғауға 5 спортшы аттанған. Жерлес спортшымыз Владислав финалдық кезеңге өтіп, ұпай саны бойынша Армения елінің спортшысына есе жіберді. Владиславтың бұл алғашқы әлем чемпионаты екендігін ескеретін болсақ, бұл жақсы көрсеткіш.


ВЛАДИСЛАВ ГУЛЕВИЧ, КУДО СПОРТЫ БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

- «Әлем чемпионаты тамаша деңгейде өтті.Әлемдік додада алғаш рет өнер көрсетіп тұрғандықтан,аздап қобалжу болды.Алғашқы жекпе-жегімді грузиялық спортшыға қарсы өткіздім.Сәтін салып ұпай саны бойынша жеңіске жеттім. Ал ақтық сында Армения елінің спортшысымен жұдырықтастым.Өкінішке қарай, ұпай саны бойынша жеңілдім.»


Владиславтың алға қойған жоспары ауқымды. Болашақта ол Еуропа чемпионатында өнер көрсетуді мақсат етіп отыр. Ол үшін спортшымыз тыңғылықты дайындығын бастап кеткен.