И.Шухов атындағы қалалық кітапханада Шал ақынның 275 жылдығына орай «Сөз шебері» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараның қонақтары - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, өнер адамдары, мектеп оқушылары. Кешке ақынның ұрпағы да қатысып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.


Шал ақынның шын аты Тілеуке Құлекеұлы, қазақтың төкпе ақыны. Есіл өзенінің бойында дүниеге келген. Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп , сол кезден ақ оны кәрі, дана деп атаған екен. Оның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көре бастады.


АЛТЫНАЙ СЫЗДЫҚОВА, И.ШУХОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- «Әрине бұл негізгі мақсатымыз, осы поэзия арқылы жергілікті жазушылардың шығармашылықтарын дәріптеу, насихаттау жән де келер ұрпақтарға, жасөспірімдерге оны насихаттап беру болып табылады. Шал біздің Сергеевка ауданында дүниег келген болатын бүгінгі таңға дейін, әрине көптеген шығарған өлеңдері жазбалары көп, мұрасы өте зор. »


Бүгінгі жиынға Шал ақынның алтыншы ұрпағы Мұрат Жантлеуов те қатысып, ел аузынан қалған атасы жайындағы әсерлі әңгімелерін келген қонақтарға айтып берді.


 МҰРАТ ЖАНТІЛЕУОВ, ШАЛ АҚЫННЫҢ ҰРПАҒЫ:


 Поэзия кеші соңында жиынға келген қонақтар 2016 жылы Шал ақын жайлы түсірілген «Өмір жолы» фильмін тамашалай алды.