Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері жөнінде брифинг өтті. Айта кету керек, соңғы 10 жылда облыс бойынша 216 адам суға Кеткен. Оның 34-і – бала. Ал былтыр бес адамның ажалы судан болды, оның біреуі – бала.


Облыс аумағында биыл суға шомылуға 60 орын белгіленді. Оның 13-і көлдерде, қалғаны Есіл өзенінде орналасқан. Шомылу кезеңі ресми түрде 1 маусым басталады. Осыған орай, оқыс оқиғаларға жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Департамент мамандары күн сайын полиция қызметкерлерімен бірге ортақ су пайдалану ережелерінің бұзылуына және қоғамдық жерде спирттік ішімдіктерді ішуге жол бермеу мақсатында рейдтер жүргізеді.


КИРИЛЛ ИВАННИКОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

- Суға кету дерегі азайған. Бұл төтенше жағдай департаменті мамандарының және жергілікті атқарушы органның нәтижелі жұмысы. Қатаң бақылау шомылу маусымында қайғылы жағдайлардың алдын алып отыр. Облыс тұрғындары мен қонақтарын өзен-көл маңына демалуға барғанда абай болуға шақырамыз.