ҚХА-ның облыстық филиалы жанынан 2014-ші жылы аналар кеңесі құрылды. Ұйымның басты міндеті мен мақсаты отбасылық құңдылықтарды насихаттап, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге бағытталған.


 Бүгінгі күні аналар кеңесіне 400-ден астам адам мүше. Облыстық кітапханада «Бақытты ана – бақытты балалар» атауымен өткен семинар-тренинг барысында аудандық филиалдардың төрағаларына психологтар мен басқа да түрлі мамандар дәріс оқып, кеңестің атқарған жұмысына тоқталып, алдағы жоспармен бөлісті. Мәселен, «Жасыл сертификат» жобасы аясында аналар кеңесі 5 дәріханамен меморандумға қол қойған. Кеңес мүшелері дәріханаларды құпия сатып алушы ретінде тексерді.


ЖҰЛДЫЗ САТТАРОВА, ҚХА ОБЫЛСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  2-3 реттен біз барып тексердік, ол жерге барып, аптечные наркотики деген бар ғой соны сатама екен жоқпа осыны тексердік. Енді тамыз айында «Жасыл сертификат» табыс етеміз. Мониторингтен жақсы өтсе осы сертификатты алады олар. Балаларға сату, үлкен аадмдарға рецептсіз сату. Заң бұзушылықтар анықталған жоқ.


Майгүл Сейілбек