Мамырдың 26-сы күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталады. Петропавлда бұл іс-шара Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткізіледі.


 Акцияның басты мақсаты - құқықтық сауаттылықты арттыру. Азаматтарда туындаған мәселелерге шешім тауып жәрдемдесу. Іс-шара барысында заңгерлер азаматтарға барлық құқықты дауларына толыққанды заң көмегін тегін көрсетеді. Тұрғындар бар болғаны өздерімен бірге құжаттарын алып келсе болғаны. Айта кеткен жөн 2016 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта республика бойынша осы акция аясында жүз елу мыңнан астам өтініш білдірген азаматтар тегін заң көмегін алды.


 АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

«Бұл акция мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлердің қатысуымен бір күн өткізіледі.Ал бірақ біздің сыбайлас жемқорлыққа күрес қызметінің есігі әр дайым айқара ашық. Мына біздің антикор орталығымыз бар, сервис орталығымыз күнде біздің маманадар отырады. Күнделікті келіп мысалға сағат таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін ұсынуларына болады.»