Былтыр «Қызылжар су» ЖШС 334 млн теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл қаражатқа су құбыры мен кәріз желілері ауыстырылып, қайта қалпына келтірілді. Жалпы, «Қызылжар су» ЖШС қәзіргі уақытта 96мыңнан астам өңір тұрғынын сумен қамтамасыз етіп отыр.


 «Қызылжар су» ЖШС су құбыры желісінің ұзындығы 344 шақырымды құрайды. Ал жалпы қалалық кәріз желісінің ұзындығы 257 шақырымнан астам. 2022 жылы 126млннан астам теңгеге сумен жабдықтау желілері жөнделген. Оның ішінде,316 құдық қайта қалпына келтірілсе, 115іне күрделі жөндеу жасалған. Ал 57 млн теңгеге кәріз коллекторлары жөнделген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәріз желілерінің тозуы 2 пайызға азайған.


ЕРБОЛ НӘБИЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

- 2022 жылы жөндеу жұмыстарына 334 млн,ал инвестициялық бағдарламаны іске асыруға 282 млн теңге жұмсалды. Бұл қаражатқа су және кәріз желілеріне ағымдағы жөндеу жасалып, құдықтар күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, істен шыққан құрылғылар тексеріліп, ауыстырылды.


2022 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын бюджетіне сумен жабдықтаудан 270 млн теңге, ал су тарту бойынша 217 млн теңге көлемінде пайда түскен.Бұл қаражат инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға және ескірген құрал-жабдықтарды жаңартуға жұмсалДЫ. Инвестициялық бағдарлама аясында тозығы жеткен немесе апатты жағдайда болған 6,2 шақырымды құрайтын су құбыры және кәріз желілері күрделі жөндеуден өткен.


ЕРБОЛ НӘБИЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ»ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

- Инвестициялық бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 5,3 шақырымды құрайтын 38 учаскеде су құбыры , және жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайтын 9 участкеде кәріз желілері ауыстырылды. Сондай-ақ инвестициялық бағдарлама бойынша сорғы жабдықтары сатып алынды.


 «Қызылжар су» ЖШС 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға 140 млн теңге бөлді.