Ақиық ақын М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Мәнерлеп оқу сайысында Петропавл қаласы мен облыс аудандарынан келген 12 қатысушы бақ сынады. Байқау 2 кезең бойынша өтеді.


 Көркемсөз оқу шеберлері сайысына қатысушылардың бірі – Арайлым Ұса. Ол Тайынша ауданынан келген. Бүгінгі сайысқа М.Жұмабаевтың «жан сөзі» өлеңін дайындап келіпті. Сонымен қатар, ұлы ақынға арнап «Ұлттық поэзия падишасы» тақырыбында өзінің арнау өлеңін шығарған.


АРАЙЛЫМ ҰСА, ҚАТЫСУШЫ:

- Алабота орта мекебінде қазақ тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеймін. Өзімнің жұмысымды жақсы көремін. Балаларымды жақсы көремін. Мектеп кезден өлең шығарамын. Дайындығым жақсы.+01:38. Мектеп кезінді «Абай оқуларына» қатысатынмын. «жарқын болашақ» деген олимпиадаларға да қатыстынмын.


Мәнерлер оқу сайысында Петропавл қаласы мен облыс аудандарынан келген 16-29 жас аралығындағы 12 қатысушы бақ сынады.Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар, Мағжан шығармаларын оқыса, екінші кезеңде өздерінің арнау өлеңдерін жатқа айтады.


НӘЗИРА БИМАҚОВА, СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- СҚО әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы М.Жұмабаев шығармашылығын насихаттацу арқылы тіл мәдениетін көтеру, талантты да талапты жастарды іздеп табу мақсатында М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай көркемсөз оқу шереберлі байқауын ұйымдастыруда. Бұл байқау алдында Петропавл қаласы мен облыс аудандарында іріктеу кезеңі өтті. Іректеу кезеңнен 11 аудан мен Петропавлдан өтінім түсті.


 Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.