Шал Ақын ауданындағы Сергеев су қоймасы таси бастады. Бүгін таңғы 8-дегі жағдай бойынша асып-төгілу 5 см-ге дейін жеткен.


Бұдан бөлек, шағын өзендерде де су деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді. Ресми мәліметке сүйенсек, Есіл және Иманбұрлық өзендерінен Сергеев су қоймасына келетін су ағыны 200-300 млн текше метрді құраған. Бүгінде су қоймасындағы су деңгейі 805 см, ал көлемі 699 млн текше метрге толы.