Негізгі Жаңалықтар Аграрийлер үшін дизель отынының бағасы өспейді

Аграрийлер үшін дизель отынының бағасы өспейді

Энергетика министрлігі фермерлер үшін дизель отынының бағасы сол қалпында қалатынын мәлімдеді. Министрліктің хабарлауынша, дизель отыны мұңай өндеу зауытынан 1 тонна үшін 222 мың теңге, 1 литр үшін 184 теңге немесе ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер операторларының шығыстарын ескере отырып, орта есеппен 1 литр үшін 204 теңгеден сатылады. Көктемгі дала жұмыстарына 413 мың тонна бекітілді. Ол диқандарға басым тәртіппен тиеп-жөнелтіледі. Мәселен, ақпан айында 82,1 мың тоннаның 77,4 тоннасы, наурызда 102,2 мың тоннаның 78,4 тоннасы жеткізілді. Басты ескерер жайт өтінімдер, төлем және вагон-цистерналар уақтылы беріліп отыруы тиіс.


Бөлісу