Бүгін «АРДОС-Жүрек» ұйымының құрылғанына 10 жыл. Бұл ұйым талай мүгедек жанның арманына қанат бітіріп, олардың оңалуларына өз септігін тигізді. 10 жылдыққа орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада салтанатты іс- шара өтті.


«АРДОС-Жүрек» қоғамдық бірлестігі осы 10 жылдың ішінде 30-дан астам жобаны іске асырып, 100- аса әртүрлі іс-шаралар өткізіп, тағдыры тәлкекке түскен мыңдаған жандардың өмірін өзгертті. Қазіргі таңда, бұл ұйым тек өңірімізге ғана емес, барлық Қазақстанға танымал.


АҚЖАН КӘРІМ, «АРДОС-ЖҮРЕК» МҮГЕДЕКТЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- « Егер ерекше жандардың өмірі жақсы жаққа өзгерсе, біз қатты қуанамыз. Бұл басты нәтижелеріміздің бірі болып саналады. Бүгінде оқыту курстарын әртүрлі мамандықтар бойынша көптеп өткізіп отырамыз. Курсты аяқтаған жандардың барлығы дерлік жұмысқа орналасасады. Ең бастысы бізде қазір өз ісін сүйіп істейтін кәсіби команда жинақталған.»


Іс-шараның барысында ұйымның директоры Ақжан Кәрім бұл істің суық пен ыстығына төзген , бірлестіктің тоқтамай жұмыс істеуіне септігін тигізіп, қолдау көрсеткен жандарды марапаттап, өз алғысын білдірді. Солардың ішінде Ғалия Баязитова да бар.


ҒАЛИЯ БАЯЗИТОВА, «KӨMEK» ТРЕНИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Біздің өңіріміздің ерекше адамымен сол ерекше адамның ұйымының 10-жылдық мерейтойына келдім. Бұл адам Ақжан Кәрім мен онымен бірге 8 жыл жұмыс істеп жатырмын. Ол адамға өте жақын, мынау әлеуметтендіру мәселесі бойынша, ерекше оқу бағытын қажет ететін адамдармен жұмыс істей алады, ондай адамдарды біріктіре алатын кісі.


 «АРДОС-Жүрек» ұйымының алға қойған мақсаттары жетерлік. Бұл тек бастамасы ғана. Бірлестіктің 10 жылда атқарған жұмысы аз емес. Қоғамдық бірлестік алдағы уақытта да мүмкіндігі жектеулі жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетуін жалғастыра бермек.