Қуаныш волейбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Петропавлға оралған спортшылармен аймақ басшысы Айдарбек Сапаров кездесіп, жеткен жетістіктерімен құттықтады. Сондай-ақ кездесу барысында құрамадағы спортшыларға спорт шебері атағы мен төс белгілер табыс етілді. Толығырақ келесі сюжетте.


Өңірдің бетке ұстар волейбол клубын өңір басшысы қабылдап жоғары нәтижеге қол жеткізіп, күміс жүлдегер атанғандарымен құттықтады. Ішкі біріншілікте жүлдегерлер қатарынан көрініп, Азия чемпионы деген атағы бар ұжымға аймақ басшысы Айдарбек Сапаров бұл нәтижемен тоқталмай ел чемпионы атанғандарын тосатынын айтты.


 АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің «Қуаныш» волейбол клубы өз тарихында алғаш рет Ұлттық лига біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алды.  Бұл спортшылар мен бапкерлердің көп жылғы еңбектерінің жемісі.  Бұл жетістік - облыста спорттың дамып жатқанын көрсетіп отыр. Әсіресе волейбол жақсы деңгейге көтерілді. Волейбол үйірмелеріне жүздеген балалар қатысып, кәсіби түрде дайындалуда. Осыны жалғастыру қажет. Облыстан қаржы бөлініп жатыр.  Біз соны нәтижесін көрсетіп, дәлелдеу керек.  Сондықтан, нәтижеге жеткен сіздерсіздер. Соған алғысымды айтамын.


Клуб құрылғаннан бері командамен бірге жеңіс пен жеңілісті қатар көріп келе жатқан команда либерасы Сәбира Бекішова уақыт өткен сайын ұжымның нәтижесі жақсарып келе жатқанын атап өтті. 2022 жылы қоланы қанағат тұтқан жергілікті волейболшылар ағымдағы жылы бір саты алға жылжып күмісті еншілеп отыр.


САБИРА БЕКІШОВА, «QUANYSH» VC ОЙЫНШЫСЫ:

- Басты марапатқа бір ғана қадам қалды. Енді бұл алдағы жылға қойылатын жаңа мақсатымыз болмақ. Жалпы волейбол өте танымал ойындар қатарына қосылуда. Аталған спорт түрін қарап қызығатындардың да қатары артып келеді.


 Қай салада болмасын қол жеткізген нәтижеге қарап бір орында тұрып қалуға болмайды. Клуб директоры Қайырбек Хамзин де өңірдің қолдауының арқасында Қуаныш ұжымы бір орында тұрмай жақсы нәтижеге қол жеткізу үстінде.


ҚАЙЫРБЕК ХАМЗИН, «QUANYSH» VC ДИРЕКТОРЫ:

-  Спортшылардың еңбегі. Біздің облысымыздың басшыларының үлкен көмегінің арқасында келе жатырмыз. Сіздердің көз алдарыңызда өстік.


Ал команда сапындағы доп үйлестіруші Ботагөз Есімхан Қуаныш клубы үшін маусым қалай өткенін және ұлттық біріншілікте алтын жүлдеге деген талас қалай өрбігенімен бөлісті. Сөзінше маусым ұжым үшін ұзақ әрі шиеленіске толы болғанымен, бапкерлер мен ойыншылардың ерік жігерінің арқасында күміс жүлдені ұтып алудың сәті түскен.


 БОТАГӨЗ ЕСІМХАН, «QUANYSH» VC ОЙЫНШЫСЫ:

- Әр қадамымызды аңдап басып өзіміз ойлаған нәтижеге қарай ұмтылдық. Соның арқасында финалдық кезеңге дейін жетіп жақсы нәтиже көрсете алдық. Волейболдағы алдағы мансабым туралы айтар болсам алтын жүлдеге қол жеткізгім келеді. Алла қаласа бұл Қуанышпен болады деп ойлаймын.


Аймақ басшысы Айдарбек Сапров Қуаныш ВК кездесу кезінде команда сапындағы ойыншыларға ҚР спорт шебері атағы, алғыс хат және төс белігімен гүл шоқтарын тарту етті. Ал маусымды жемісті аяқтаған Қуаныш командасы қысқа мерзімдегі демалысқа шықты.