Облыс бойынша ҚАЖД-нің №50-ші мекемесінде жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер Наурыз мейрамын тойлады. Темір тордың аржағында өткен мәдени іс-шара барысында сотталғандар ұлттық салт-дәстүрлермен танысып, түрлі ұлттық ойындар ойнады.


Көктемнің алғашқы айымен бірге түркі халқының жаңа жыл мейрамы да келіп жетті. Наурыз - көпшіліктің асыға күтетін мерекесі. Өйткені бұрын қыстан аман-есен шыққан халық осы мейрамда бір-бірімен қауышып, жылы лебіз білдіріп, амандық сұрасқан. Қыстан арнайы «ұзын сарыға» деп сақтаған тәтті-дәмдісін шығарып, наурыз көже пісірген. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын сотталғандарда бар сән-салтанатымен тойлап, дастархан жайды.


ҚАЙРАТ АЙСАҚОВ, СҚО ҚАЖД № 50 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


 Бүгінгі күні облыс бойынша ҚАЖД-нің №50-ші мекемесінде 200-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Барлығы да түзету мекемесінде өтетін мәдени іс-шараларға қатысады. Мәселен, бүгін әрқайсысы ұлттық киім киіп, дәмді тағамдарын қойып, «Бесікке бөлеу», «Беташар», «Тұсау кесу», «Сыңсу» сынды салт-дәстүрлерді көрсетті.


-  Біз бүгін әз-Наурыз мейрамын .... бұған біз жақсы дайындалдық.... мейрамға шамамен 3 апта даярландық...қойылымдар мен схналық көріністер дайындадық

- Наурыз мейрамы ең көне мерекелердің бірі. Ежелден бері халқымыз оны тойлап келеді. Бізде бүгінгі іс-шараға ұлттық киімді өзіміз тіктік. Сахналық қойлымдар әзірледік.


 Бұдан бөлек бұл күні сотталғандар ұлттық ойындар ойнады. Жалпы, қыз-келіншектер бос уақытында тігін цехында, жылыжайда және түзету мекемесінің аумағында орналасқан басқа да шағын кәсіпорындарда еңбек етеді.



Майгүл Сейілбек