Облыс орталығында V Республикалық «Мейірімділік керуені» байқауының үздіктері марапатталды. Оның мақсаты - игі істер жасап, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген жандардың еңбегін дәріптеп, бағалау. Биыл өңірден «Мейірімділік керуеніне» қатысуға 52 өтінім беріліп, оның жеңімпаздары 7 номинация бойынша марапатқа ие болды.


«Мейрімділік керуені» байқауы өңірдің және еліміздің дамуына үлес қосып жүрген меценат әрі қамқор жандарды анықтайды. Облыста бұл іс-шараны іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды. Игі іс жасап, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген жандар 7 түрлі номинация бойынша марапатқа ие болды.


ӘСЕЛ БЕКЕНОВА, СҚО БОЙЫНША ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-  «Жыл сайын байқауға қоғамдық және қайырымдылық шараларымен айналысатын әрі әлеуметтік, экологиялық, ағартушылық, мәдени және басқа да көптеген мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген адамдар мен еріктілер7 номинация бойынша маратапатталады. Атап өтсек: «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарларға мейірім» атаулары бойынша биыл 52 қатысушы маратапатқа ие болды.»


 Шаһардың кішкентай тұрғыны 10 жасар Ғалымжан Тіріжанов «Жануарларға мейірім» аталымы бойынша марапатқа ие болды. Бұл номинация жануарларды қорғайтын, оларды асырауға көмектесетін, сонымен бірге, жануарлар әлеміне қатысты мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын жандарға беріледі.


ВИЛЬДАНА ҚОЖАХМЕТОВА, ҒАЛЫМЖАННЫҢ АНАСЫ:

- «Біздің Ғалымжан үйіміздің ортасында балаларды жинап, бір топ құрып, үйдің алдындағы далада жүрген мысықтарды бір жерге жинап, тамағын беріп арнайы орын жасап, әжелерімізге сол мысықтарды табыстап жаз бойы топ жақсы жұмыс істеді. Сол үшін міне мейірімді жан үшін осындай беріліп отыр.Іскер әйелдер қауымдастығына үлкен рахметімізді айтамыз.»


 Айта кетейік, елімізде «Мейірімділік керуені» республикалық байқауы осымен 5-жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. «Осы уақыт аралығында игі іс істеп, қоғамға пайдамды тигіземін дейтін жандардың қатары жыл санап қалыңдап келеді»,- дейді ұйымдастырушылар.



Нұрбол Балғабеков