Сайлау науқаны аяқталды. Таңғы 7:00-де басталған дауыс беру кешкі 8-де аяқталды.


Жалпы өңірде барлығы 631 сайлау учаскесі жұмыс істеді. 20:10-дағы жағдай бойынша облыста сайлаушылардың 65,25%-і өз таңдауын жасаған. Қазіргі таңда комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кірісті. Осылайша солтүстік өңірдің тұрғындары еліміз бойынша сайлауда жоғары белсенділік танытқандардың қатарында.


 ГАЛИНА МИТРОФАНОВА, №586 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «№586 сайлау учаскесі ресми түрде жабылды. Қазір бюллетендерді санау жүргізіліп жатыр. Жалпы учаскеде 1284 сайлаушы тіркелді. Оның 4-еуі үйден дауыс берді. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ.»