Мәжіліс пен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттарын сайлау биылғы жылдың басты саяси оқиғасы десек те болады. Өйткені, аралас сайлау жүйесі арқылы өткізілп жатыр. Өңірдегі Аққайың ауданында сайлау науқаны қалай өтіп жатыр? Тілшіміз баяндасын.


Полтаавка ауылдық округінде сайлау учаскелеріне 555 саулаушы тіркелген. Олардың 20 пайызы таңғы сағат 9-ға дейін дауыс беріп үлгерген. Ал денсаулығына байланысты сайлау учаскелеріне бара алмайтындар үшін үйлеріне арнайы жәшіктер жеткізіледі. Бұл сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беретіндер де бар.


ЕВГЕНИЙ НЕСТЕРЕЦ, ПОЛТАВКА ЕЛДІ МЕКЕНІ №112 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОММИСИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- « Бізде сайлау учаскесінде екі азамат бірінші рет дауыс беріп отыр. Жылда саяси маңызды оқиғаларға қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп отыратын екі ақсақалымыз да бар. Біз оларды құрметтейміз. Сайлау науқанына белсенді қатысқандары үшін алғысымызды айтамыз.»


 Полтавка ауылдық округіне 3 елді мекен кіреді. Атап айтқанда Полтавка, Борки және Лесная Поляна. 900-ден астам адам тұрады. Тұрғындардың айтуынша мұнда жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған.


- « Мен сайлаудан шет қалмаймын. Дауыс беру керек әрине. Зейнеткерлердің барлығы саяси науқанда белсенділік танытуда. Жүрмейтіндер өтініш жазып, оларға жәшіктер апарылуда.»


- «Біз ҚР азаматы ретінде сайлауға әрқашан белсенді түрде қатысамыз. Қазақстанда жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Біз бұл сайлаудан үлкен үміт күтеміз.


 Дауыс беру сағат 20:00 аяқталады. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа облысымыздан барлығы 500-ден астам үміткер тіркелді.