ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында орналасқан № 577 сайлау учаскесінде де өтіп жатыр. Сағат 7.00-де алғашқы дауыс берушілер де келді. Сайлау учакскесінің ашылуында болған тілшіміздің бейнематериалы.


Ғабит мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында орналасақан № 577 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден бастап сайлаушыларды қабылайды бастады.Жалпы учаскісіне тұрғылықты мекен жайы бойынша 1615 қала тұрғыны тіркелген. Оның ішінде 5 азамат сайлау науқанына алғаш рет қатысқалы жатыр.С айлау учаскесінің төрағасының мәліметінше сағат 8:00 ге дейін 13 азамат өз дауыстарын берді.


МАПРУЗА ЖҰМАБАЕВА, № 577 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

– Сайлау учаскімізде барлық талаптар қатаң сақталған.№ 577 сайлау учаскесінде 7 комиссия мүшесі қала тұрғындарын қабылдауда.Үй жағдайында дауыс беретін азаматтар үшін комиссия мүшелерін мекенжайларға жіберетін боламыз.


Өңір тұрғындары сайлауда белсенділік танытып келеді. Бұл жолы да азаматтар құқықтарын пайдаланып, өз таңдауын жасамақ.


- «Бүгін міне сайлауға қатысып отырмын.Еліміздің болашағы үшін дауыс бердім.Жақсы адамдар өтіп,еліміз гүлдене берсе соған тәуба дейміз. Қазақстанымыз өрлей берсін алға басып.


 – Еліміздің болашағы үшін келіп өз дауысымды бердім.Депутаттыққа адал қызмет атқаратын азаматтар келеді деп үміттенемін.


 Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау қазақстандықтар үшін маңызды оқиға,олар елдің болашағын айқындайды.Солтүстік қазақстандықтар өздеріне бекітілген учаскелерде кешкі сағат 8-ге дейін дауыс бере алады.