Еліміздің барлық өңірінде «Exitpoll» өкілдері жұмыс істеп жатыр.


 Өңірде де мамандар сайлау учаскелері ашылған сәттен әлеуметтік сауалнама жүргізуге кірісті. Тұрғындар оған ерікті түрде қатыса алады. Сауалнама барысында жиналған ақпарат негізінде партиялардың және үміткерлердің қанша дауыс жинағаны жайында болжамды мәлімет жарияланады. Интервьюерлер түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Өңірде қалалық және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер 53 адамнан тіркелді. Мәжіліске 10 кандидат. Барлығы 631 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.


ГҮЛНӘР БҰРЛЫҚБАЕВА, ИНТЕРВЬЮЕР:

- Бүгінгі сауалнама өткізу үшін арнайы курс өттік. 2 сұрақ қойылады. Қай партия және қай кандидатқа дауыс бердіңіз деп. Жауаптары құпия ретінде сақталады