Көрісу - Наурыз мейрамының бастауы іспеттес. Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша бұл күні жастар үлкендерге сәлем беріп,батасын алады.Ал туған-туыс болса бір-біріне қонаққа барып, жылы тілектерін арнап өкпе реніштерін кешіреді. Көрісу күнін немесе амал мерекесін еліміздің батысы сән-салтанатымен атап өтеді. Қазіргі таңда мерекені еліміздің басқа аймақтары да тойлайтын болған.


Көрісу күнінде туған-туыстарын аралап, жақындарымен жүздесу дәстүрге айналған. Өкпе-реніштері болса бір-бірінен кешірім сұрап, татуласып жатады. Мейрамға орай «Қазақ аналары - дәстүрге жол» бірлестігі кездесу ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға ұлттық киім киген ақ жаулықты әжелер,шапан киген қариялар жиналып, ұлттық тағамнан дәм татып,бір-бірлеріне ізгі тілектерін арнады. Осылайша олар қазақ халқының дәстүрлерін көрсетіп, басқаларға үлгі өнеге көрсетеді.


МЕЙРАМГҮЛ АДАХҚЫЗЫ, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ-ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» ҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

- «Ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан мереке.Қыстан аман-есен шығып бір-бірін көрісіп бір-біріне сәлем беру ғой.Осы салт-дәстүрді бүгін осы облыста да үлкендерімізді жинап батасын алып дастарханымызды жайып мәре-сәре болып тойлайық деп жиналып жатқан жәйіміз бар.


«Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі өткен жылдың желтоқсанында ашылған. Аз уақыттың ішінде қоғамдық бірлестікке 300-ден астам солтүстікқазақстандық кіруге ниет білдірген екен.


 МАШУДА ИБРАЕВА,"ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ-ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ" ҚБ СҚОФ МҮШЕСІ, "БАЛКАДИША" АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Қазіргі заманда кейінгі жас ұрпаққа біз өзіміздің білетінімізді білгенімізді бала кезімізде ауылда өстік ауылда қаншама дәстүрлерді білуші едік.Ал қазір барлығын ұмытып қалдық соны қайтадан жаңғыртсақ қазақтың дәстүрлерін білсе, қазақтың дәстүрлерінің жолымен жүрсе біздің қазақтың жастары тәрбиелі тәртіпті болып өсер еді.


 Айта кетейік, «көрісу күні» - жарқын наурыздың жаршысы болып саналады. Ол 14 наурызда басталады.