Маскүнемдіктен емделуге мұқтаж адамдардың кезекті тобын Петропавл полицейлері наркологиялық ұйымға жіберді. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге наркологиялық ұйымға 17 адам орналастырылды. облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалына НАЗАР АУДАРАЙЫҚ.


 Қылмыс, бұзақылық, ірі жол-көлік оқиғалары мен жазатайым оқиғаларды көбінесе мас күйдегі адамдар жасайды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың көпшілігі де масТЫҚПЕН жасалады. Маскүнемдіктің және мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу - жергілікті полиция қызметінің міндеттерінің бірі. Учаскелік инспекторлар маскүнем ретінде есепте тұрған азаматтарды жүйелі түрде тексереді.


- он привлекался к административной ответственности за то, что устроил дебош в доме, да, конфликт у вас произошёл.


 Жыл басынан бері маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге наркологиялық ұйымға 17 адам жіберілді. Кезекті топ Петропавл қаласы полиция басқармасының ғимаратынан учаскелік полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен шықты. Адамдар алты айдан бір жылға дейін мерзімде емделуі керек.


Дулат Теміртасов, учаскелік полиция инспекторы:

- Бүгін біз Жамбыл ауданының Благовещенка ауылына маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу үшін жібереміз. біз бұл адамдарды ата-аналары мен жақын туыстарының өтініші бойынша жібереміз.


 Жалпы облыс бойынша жыл басынан бері маскүнемдік пен нашақорлықтан зардап шегетін 50-ден астам адам емделуге жіберілді. Ішкі істер органдарына алкогольдік ішімдіктерді мөлшерден тыс пайдаланатын 476 адам есепке қойылды. Қоғамдық орындарда мас күйде жүрудің 1735 фактісі, аалкогольді заңсыз сатудың 68 фактісі анықталды.