Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауға 5 күн қалды. Қазіргі таңда үміткерлер халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырып жүр. Үгіт насихат жұмыстары 18 наурызға дейін жалғасады.


 Маңызды оқиға қарсаңында облыстың Қазақстан Халқы Ассамблеясы да бұл шарадан тыс қалмады. Достық үйінде барлық партия өкілдері мәдени бірлестіктер мүшелерімен кездесті. Жалпы осы жолы депутаттықтан 555 кандидат үмітті.


БОЛАТ БАЗАРБАЕВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

« Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен оның өкілдері еліміз үшін саяси маңызды науқанда белсенділік танытуда. Бірлестік өкілдері байқаушылар қатарында, комиссияға мүше. Біз бірігіп дұрыс таңдау жасай алатынымызға сенімдімін. Барлық тұрғындар сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасағандары маңызды. Бір қуантарлығы биыл өзін өзі ұсынғандар қатары көп. Кандидаттар қатарында түрлі ұлт өкілдері де бар. Барлығы да халықтың мұң мұқтажын жақсы білетін азаматтар.»