Петропавлда Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің сурет көрмесі өтуде. Көрмеге білім ордасының 20 тәрбиеленушісі өз туындыларын халық назарына ұсынды.


«Күлімдеп көктем туғанда» деп аталған көрмеге натюрморт, сюжеттік композиция, пейзаж, декаративті композиция жанрларында суреттер қойылды. Жалпы, бүгінгі күні білім ордасында 12 мамандық бойынша 134 бала білім алады. Соның 27-і «Кескіндеме» бөлімінде оқиды.


ҒАЛИЯ ҒАЛАУТДИНОВА, Е.СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ-ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бұл көрмеге 20 оқушы қатысып жатыр. Әрбір оқушы бір жұмыстан ұсынып жатыр. Біздің оқушылар өте дарынды. + СКЛ 0,39 Мұғалімдердің үлкен жжұмысының арқасында балалар осындай нәтижеге жетіп жатыр.


 Мадияр Бейсембаев өзінің «Ұлы дала» деп аталған суретін 2 айға жуық уақыт бойы салған. 9-шы сыныпта білім алып жүрген бозбала бейнелеу өнерімен 8 жасынан бері айналысып келеді. Болашақта әлемге әйгілі суретші болғым келеді дейді Мадияр.


МАДИЯР БЕЙСЕМБАЕВ, 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

-  Менің суретім «Ұлы дала» деп аталады. Себебі, бұл ұлы далада жеріміз үшін шайқасқан батырлар бар еді. + СКЛ 0,33 Сурет салған кезде мен гуашь, акварель техникаларын қолдандым.


 Көрмені шаһар тұрғындары Достық молл сауда үйінде наурыздың 16-на дейін тамашалай алады.



Майгүл Сейілбек