«Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 9-12 наурыз аралығында жастардың ықтимал жиналу орындары бойынша күшейтілген рейдтер өткізілді. Нәтижесінде полицейлер кәмелетке толмағандардың ата — анасының еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болуының 110 фактісін тіркеген.Оның 16 фактісі Петропавл қаласында анықталған. 8 жасөспірім мас күйде ұсталған. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды


Қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жері бойынша да тексерулер жүргізілді. Ювеналды полицейлер қала бойынша тіркелген 60-тан астам мекен-жайда болды. Нәтижесінде алкогольді асыра пайдаланатын және 3 жасөспірім есепке алынды. Солардың біріне анасының өзі шара қолдануды өтінген. 16 жастағы жасөспірім үйден бірнеше рет өз еркімен кетіп қалғандығы белгілі болды. Шара барысында барлығы 176 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды,оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 46 заңды өкіл жауапқа тартылды.