Негізгі Жаңалықтар Балық тәлімбағы биыл 35 млн шабақты су қоймаларына жібермек

Балық тәлімбағы биыл 35 млн шабақты су қоймаларына жібермек

Петропавл балық тәлімбағы сиг және тұқы тұқымдас балықтардың шабақтарын өсіреді. Осылайша мемлекеттік тапсырысты орындап отыр. Облыстың су қоймаларын балықпен молайту үшін биыл бюджеттен 65 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда тәлімбақта инкубациялық кезеңі өтіп жатыр. Әріптесімнің бейнематериалы


 Бұл балықтардың инкубациялық кезеңі 6 айға созылады. Жұмыстар қараша айында қолға алынған. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін тиісті технологияны мүлт жібермей сақтау шарт. Мына вейс аппараты осы кезеңде таптырмас көмекші. Ол уылдырықты бір деңгейде ұстап, жетілуге жағдай жасайды. Жалпы биыл тәлімбақ 110 млн уылдырық дайындаған. Оның ішінде рипус, сиг ,пелядь балықтары бар.


АНАСТАСИЯ МОЛОТКОВА, ПЕТРОПАВЛ БАЛЫҚ ТӘЛІМБАҒЫ ИНКУБАЦИЯЛЫҚ ЦЕХЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- « Біздің мамандар бұл уылдырықтарды өсіріп, кейін дернәсіл болғаннан кейін көктемде өңірдегі және Ақмола облысындағы су қоймаларына жіберіледі. Жалпы мемлекеттік тапсырыс бойынша сәуір айының соңында шабақтарды өзен-көлдерге жіберуіміз қажет..»


 Өндірушілердің айтуынша әр балық түрінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалға, рипус балығы баяу өссе ал пелядь оған қарағанде тезірек дамИды екен.


АНАСТАСИЯ МОЛОТКОВА, ПЕТРОПАВЛ БАЛЫҚ ТӘЛІМБАҒЫ ИНКУБАЦИЯЛЫҚ ЦЕХЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- «Осы жылғы мемлекеттік тапсырыс бойынша біз Сергеевка су қоймасына 30 млн және Петропавл су қоймасына 5 млн 500 мың дана сиг балық тұқымын жіберуіміз керек. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан 65 млн тенге көлемінде қаржы бөлінді.»


 Өңірде су қоймаларын балықтандыру жұмыстары сәуірде, су қажетті температураға дейін жылыған сәтте басталады.


Бөлісу