СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты тергеуді аяқтады. Бойжеткен «есірткі курьері» болып жұмыс істеген. Синтетикалық есірткі таратқандарға қандай жаза тағайындалады? Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


- Понятые, наблюдаем


25 жастағы Петропавл тұрғыны өткен жылдың күзінде такси көлігінде ұсталды. Көліктен кристалл тәрізді заттары бар бумалар алынды. Сараптама бұл "тұз" деп аталатын синтетикалық препарат екендігін көрсетті.


- Свёрток, замотанный в белой изоленте, внутри которого находятся свёртки в изоленте чёрного цвета.


Есірткі ұсталған адамның тұрғылықты жерінен де табылды. Тәркіленгеннің жалпы салмағы-шамамен 20 грамм, бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Тергеу қыздың есірткі сатумен айналысатын интернет - "дүкендердің" бірімен байланысын анықтады.


Бауыржан Әбділманов, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

- Ұсталған қыз отырған автокөлікті тінту кезінде сұр түсті кристалдық тәрізді заты бар 40 полимерлық түйіншек алынды. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде осындай психотроптық заты бар түйіншек алынды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.


 Сотқа дейінгі іс жүргізу ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының үшінші бөлігі бойынша жүргізілді. Полицейлер есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында сатып алу, сақтау, тасымалдау үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын еске салады.