Петропавлда допты хоккейден 2007 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Дүбірлі додада Астана, Алматы, Хромтау қалаларынан келген құрамалар сондай-ақ жергілікті 2 команда өнер көрсетпек.


Облыс орталығында ұйымдастырлып отырған допты хоккейден ел чемпионатында 5 команда өзара үздік құраманы анықтамақ.Допты хоккей спорты қазіргі танда жақсы деңгейде дамып келеді. Мұнда кәмдімгі хоккейге қарағанда өзіндік ережелері бар ойын.


НҰРЛАН МЫРЗАҒАЛИЕВ, ДОПТЫ ХОККЕЙДЕН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

 - Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында еліміздің түрлі өңірлерінен келген командалар өнер көрсетуде.Әр команда айналмалы жүйе бойынша 2 кездесуден өткізетін болады.Осылайша жеңімпазды анықтайтын боламыз.


Дүбірлі доданың алғашқы ойындары тартысқа толы болды.Барлық командалардың жақсы дайындықпен келгендігі байқалады.Олардың қатарында Алматы қаласынан келген «Динамо» құрама командасы да бар.Алматылық ұжым өткен жылғы ел чемпионатының жеңімпаздары.


 ТИМУР АЛБАКОВ, «ДИНАМО» КОМАНДАСЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ:

 – Ел чемпонатына Алматы қаласынан арнайы келдік.Жарыс тамаша денгейде өткізіліп жатыр.Біз чемпионатқа ұзақ уақыт бойы дайындалдық.Былтыр көрсеткен нәтижемізді тағы да қайталағымыз келеді.Барлық командаларға сәттілік тілеймін.


Допты хоккейден ел чемпионаты ақпанның 19-ына дейін жалғасады.Жеңіс тұғырынан көрінген командалар кубок медальдармен марапатталады.