Көпке танымал «Урал» мотоциклдері Петропавлда құрастырылып жатыр. Өткен жылы ресейлік «Ural Motorcycles» компаниясы өз өндірісін облыс орталығына көшірген. Жарты жыл ішінде олар 600-ге жуық мотоциклді құрастырып шыққан. Биыл санын 1 мыңға жеткізбек. Тілшіміз әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


«Урал» мототциклдерінің 80 жылдық тарихы бар. Кезінде көліктің бұл түріне қол жеткізу арман болды. Қазір де техникаға сұраныс жоғары. Петропавлда құрастырылған көліктер экспортқа жөнелтіліп жатыр. Оған негізінен 25 пен 60 жас аралығындағы байкерлер қызығады. Сондай-ақ тіркемесі болғандықтан саяхаттауды жақсы көретіндер алады екен.


ГЕОРГИЙ КУРМАЧЁВ, «IMZ - ҚАЗАҚСТАН - УРАЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- «Біз Қазақстаңға 2022 жылы келіп, сынақтық өндірісті бастадық. Уақыт өте келе толығымен осында жұмыс істеп жатырмыз. Ол шетелдіктер арасында да танымал, оның басқалардан ерекшелігі тіркемесінің артында емес, жанында болуы. «Урал» барлық мемлекеттерде сұранысқа ие, сондықтан біз оларды шетелге экспорттаймыз.»


Өндіріс орнында қазіргі таңда 23 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл жерде арнайы оқудан өткен тек жергілікті тұрғындар еңбек етеді. Олар күніне 6 мотоциклді құрастырады.


ЖАНСЕРІК АЙБАСҰЛЫ, «IMZ - ҚАЗАҚСТАН - УРАЛ» ЖШС ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ:

- «Мен бұл жерде өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп келемін. Жұмысым өзіме қатты ұнайды, қиын емес. Еңбекақымызды уақытылы беріп отырады, еңбек ету үшін барлық жағдайлар жасалған.»


 Айта кетейік, биыл серіктестік 1000 мотоциклді құрастыруды жоспарлап отыр.