Апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды жою. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде іске асырылайын деп отырған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының басты мақсаты. Оның аясында 2025-ші жылға дейін Қазақстанда 400-ге тарта білім оРДАСЫ салынбақ. Ұлттық жобаға жергілікті кәсіпкерлер де қатыспақ.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында СҚ-да 4 мектеп салынады. Білім беру мекемелері заман талабына сай оқу бөлмелері, зертханалар мен компьютер сыныптары, асхана, спортзалдармен қамтамасыз етіледі. Ел болашағы саналатын ұл-қыздар сапалы білім алуы үшін жиһаз да стандарттарға сай болуы тиіс. Осы ретте жергілікті «Регион 715» ЖШС-і осы міндетті өз мойнына алып, оқушылар үшін ыңғайлы үстел-орындықтарын жасап бермек. Ай та кету керек, серіктестік бұл нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
АЛЕКСАНДРА РУСИНА, ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қазіргі таңда біз жиһаз жасауда ағаштан гөрі металл жақтауларды қолданамыз. Сондай-ақ полипропиленді де ПАЙДАҒА ЖАРАТЫП ЖАТЫРМЫЗ. Ол әлдеқайда жеңіл. Былтыр біздің кәсіпорын 2 мыңнан аса кабинетті үстел-орындықпен жабдықтады. Цех заманауи, 50-ге жуық маман еңбек етеді. Жиһаздың кескіндемесін жасап, оны жинап-құрастыру, бояу барлығын өзіміз атқарамыз.
Ұлттық жобаны іске асыру үшін ел қазынасынан 2,6 трлн теңге бөлінді. Соның 1/3 бөлігі мектептерді жайлы жиһазбен қамтамасыз етуге жұмсалмақ.
МАГАМЕД ДУДАЕВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
- Жаңа жайлы мектептердің негізгі айырмашылығы - құрылыстың бірыңғай стандартын сақтай отыра, заманауи пәндік кабинеттермен және зертханалармен қамтамасыз етіледі. Жобаны іске асыру кезінде отандық құрылыс материалдары мен жиһаздар пайдаланылады.
Жалпы ұлттық жобаға СҚО-дан 2 кәсіпорын қатыспақ.
Майгүл Сейілбек